Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын 1220 шаршы метр аумақта кабинеттердің шатырын шарпып, жиһаздар жанған.
«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды. 1975 жылы туған әйел адам «жану өнімдерімен улану» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр. Өрттің шығу себебі анықталуда», деді департамент өкілі.