Аймақтар • 21 Сәуір, 2022

Жас жауынгерлер «Майдан хаттары» қойылымын тамашалады

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде жас жауынгерлер курсынан өтіп жатқан «Көктем-2022» шақырылымының жас сарбаздары «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Майдан хаттары» қойылымын тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас жауынгерлер «Майдан хаттары» қойылымын тамашалады

Соғысқа аттанған Жексенғұлы мен Қосшығұлын 40 жыл бойы күтумен өмірден өткен ананың зарымен басталатын пьеса – ақын Жамбылдың майданнан қайтпай қалған баласына, Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүктің елге жазған хаттарын қамтиды.а

«Ана туралы», «Әлия», «Қара кемпір», «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты әндерді әртістердің жанды дауыспен шырқағаны сарбаздарды ерекше толқытты. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының репертуарындағы «Майдан хаттары» спектаклі  соғыс атаулының трагедиясын жас ұрпаққа  терең ұғындыратын шығарма екендігі сөзсіз. Отан қорғаудағы өшпес ерлікті ұлықтаған спектакльдің қоюшы режиссері, театрдың көркемдік жетекшісі Жұлдызбек Жұмабай.

Музыкамен басталып, музыкамен аяқталған қойылымды сарбаздар өте жылы қабылдады. Әртістердің шығармашылық шеберлігі арқылы спектакльден ерекше әсер алған болашақ шекарашылар театр ұжымына алғыс айтты.