Әзірге құбыр жарылған көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Жедел атқарылып жатқан жұмыстар барысын қадағалаған қала әкімі ақауды мүмкіндігінше жылдам ретке келтіріп, тұрғындарға су беру жағын тездетуді тапсырды. Жұмыс барысы толық аяқталғанша, қала тұрғындарынан сабырлық танытып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз», делінген Кентау қалалық әкімдігінің хабарламасында.