Теннис • 21 Сәуір, 2022

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия-Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды

Қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, өз тобындағы қарсыластарының бәрін жеңген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Қазақстандықтар ертең жартылай финалға шығу үшін Үндістан құрамасымен кездеседі.