Қазақстан • 22 Сәуір, 2022

Сәукең, Қабең және Мұхаметжан

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы туғанына сексен бес жыл толған қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі, бірнеше кітаптың (ішінде неміс, орыс тілдерінде шыққан туындылары мен өзінің ертегілері де бар) авторы, Жамбылдың әдеби-мемориалдық музейін ұзақ уақыт басқарған марқұм Мұхаметжан Етекбаев елге белгілі шығармашылығымен қатар, нағыз қонақжай адам еді.

Сәукең, Қабең және Мұхаметжан

Ол өзінің туған жері – Жам­­­­­был ауданы Қара­қыс­­тақ ауылындағы қараша­ңы­ра­ғын­да талай қаламгерді, өнер адам­дарын сыйлап кү­тіп, мей­мандостық ақ пейілін танытқан жайдары жан болатын.

Ал енді Мұхаметжан аға­­­­­ның жан жары, қазақтың атақ­ты, айбынды байы Медеу Пұ­сыр­мановтың ұрпағы болып келетін қазір көзі тірі Хазима Ай­дарбекова әжеміз берген мына сур­еттің жай- жағдайына келейік.

Өткен ғасырдағы 1970 жыл­­дың көктемінің орта тұ­сында Мұқаң қазақтың екі қаламгері – Қабдеш Жұмаділов пен Сәуірбек Бақбергеновті құшақ жая қарсы алады.Ал­дымен әрине, өзі жетекшілік ететін Жамбыл музейіне апарып, асықпай әбден аралатады. Сонаң соң үшеуі Қарақыстақ ауылы тұсындағы асқақ Ала­тау бөктеріне көтеріліп, «көңіл құсын көкке ұшырған» ғой.

Дәл осы жерде қазақ әде­бие­тінің болашақ классигі Қаб­деш Жұмаділов пен ойлы очерктері мен талай тамаша ро­ман-повестерімен танылған майдангер қаламгер Сәуірбек Бақбергенов үшеуі Алатау бау­райында ескерткіш үшін суретке түсіпті.

Сол жақтан бастасақ, алдымен Мұхаметжан, одан кейін тартымды туындылары­мен бірге бурыл шашымен, қою мұртымен сәні келіскен Сәуір­бек ата және қаламгерлік ерен еңбегімен қазақ ұлты үшін белі қайысқан Қабдеш аға.

 

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

журналист

Алматы облысы,

Қарасай ауданы