«21 сәуірде сағат 19.28-де Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған 8 «Б» сынып оқушысы жүгінді. Өрт кезінде ол сабақта болған. Эвакуациядан кейін үйіне қайтқан, ал кешке жағдайы нашарлаған», деді облыстық Білім басқармасы өкілдері.
Мұғалімдердің айтуынша, зардап шегуші көмірқышқыл газына уланып қалуы мүмкін. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қыз соматикалық бөлімде жатыр.
«Бала инфузион терапия алып жатыр. Жағдайы тұрақты», деді ведомство өкілдері.
Бұған дейін 47 жастағы физика пәнінің мұғалімі өрттен зардап шеккені хабарланған болатын. Көмірқышқыл газынан уланған әйел ауруханаға жеткізілген.