Фото: Zakon.kz
19 сәуір күні сағат 10:51-де Алматы облысы Райымбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты.
-127 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 11:50-де анықталып, 12:13-те сөндірілді (100 шаршы метрі – үй және 27 шаршы метрі – уақытша баспана). Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.
Ведомствоның мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.