Жаңа бағдарлама еліміздің бас полицейі Марат Ахметжановтың мегаполиске сапары аясында таныстырылды. «Қорғау» бағдарламасын мұқият түсіндіріп шыққан тәртіп сақшылары оның айыппұлы төленбеген, сақтандыру, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздеуде жүрген автокөлік жүргізушісі жайлы хабардар ететінін айтады.
Осылайша жол қозғалысын қадағалау кезінде полиция нарядтары «тәуекел ету тобымен» бірге әрекет ететін болады. Өз кезегінде жол қозғалысының нақты уақыт режимінде алдын алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Шымкент полициясы құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету мақсатында республика бойынша алғашқы болып «Қорғау» бағдарламасын пайдаланып отыр. Бір тәулік ішінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен әртүрлі бұзушылықтары бар 70-тен астам автокөлікті тіркеді. Оның ішінде жүргізушілердің 18-і жалған нөмірмен ұсталған.