Күрес • 23 Сәуір, 2022

Әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік үштікке енді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы әйелдер күресінен жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік үштікке енді

Құрлықтық додада қазақстандық қыздар екі алтын, екі қола медаль алды. Ел құрамасынан 68 келіде Мадина Бақбергенова финалда қырғызстандық Мээрим Жуманазарованы жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Ал 72 келіде Жәмила Бақбергенова финалда Сумире Ниикураны тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан Жұлдыз Ешімова (53 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) қола жүлдеге қол созды.

Жалпыкомандалық есепте Жапония (7 алтын, 2 күміс) және Моңғолия (4 күміс, 5 қола) құрамасы алғашқы екі орынға жайғасты.

Күрес түрлерінен (грек-рим, әйелдер күресі, еркін күрес) құрлықтық додаға Азияның 19 елінен спортшылар келді.