«Қызылқоға ауданындағы Тасшағыл ауылының тұрғыны 21 сәуірде сағат 9:00-де атпен мал іздеуге шыққан. Бірақ, оның қай бағытқа кеткені әлі белгісіз болып отыр», деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жігіт үшінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Оны іздеу бүгін, 23 сәуірде сағат 9:45-те қайта жалғасты. Іздестіру жұмыстарына департаменттің 2 қызметкері жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен шықты.