Медицина • 25 Сәуір, 2022

Көш бастаған клиника

317 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бүгінгі медицинаның ішінара болса да адам танымастай өзгергенін мойындау керек. Уақыттың талабына сай қызмет етуді басты мақсат қылған бұл саладағы оң өзгерістер, серпінді жобалар сүйсіндірмей қоймайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда медициналық қызметке табысты кәсіптің көзі ретінде қарау турасындағы көзқарастың да беті бері қараған. Яғни әлемдік үрдістің көшіне ілескен біздің медицинаны да жарқын болашақ күтіп тұр деп сеніммен айтуға болады.

Көш бастаған клиника

Жоғарыда айтылған өзгерістерге мысалды алыстан іздеп керегі де жоқ. Кеншілер астанасындағы «Ми­рас» атты жекеменшік кли­ни­каның ашылғанына биыл төрт жылға жуық уақыт болды. Бүгін­де бұл медициналық мекеме ма­териал­дық-техникалық тұрғыда жарақ­тан­дырылу, білікті кадрлармен то­лық­тырылу және сапалы қызмет көр­сету жағынан көш бастаушылар қа­тарында тұр.

Міне, осы жұмыстардың бәрін үйлес­тіріп отырған білікті де тә­жіри­­белі басшы, Денсаулық сақ­тау саласының үздігі Роза Сәбитол­лақызы Разиева деп сенім­мен ай­ту­ға болады. Медицина сала­сы­ның майталман маманы бұл клини­каны қабырғасы қаланғаннан бері бас­қарып келеді. Ал оған дейін Қара­ған­ды­да­ғы №1 емхананың директоры болып 2004 жылдан бастап 2020 жылға дейін жемісті еңбек етті.

Роза Сәбитоллақызы бас­қар­ған жылдары аталған емхана рес­­­пуб­ли­кадағы топ-5 емдеу ме­ке­­­ме­ле­рінің қатарына енді. Ал 2013 жылы №1 емхана облыста алғаш­қы­лардың бірі болып ме­ди­ци­налық ұйымдардың ха­лық­аралық аккредитациясынан өткен болатын.

Жалпы, Роза Разиеваның «Ми­рас» клиникасының дүниеге келуіне тікелей қатысы бар. «2018 жылы маған жеке кәсіпкер Дәулет Мырзағалиев есімді азамат келіп жолықты, – деп еске алады Роза Сәбитоллақызы. – Ол өзінің медицина саласына инвестиция салғысы келетінін айтып, менен ақыл-кеңес сұрады. Маған бұл идея қатты ұнады. Содан шамам келгенше ол азаматқа өзімнің ой-пікірімді айтып, ақыл-кеңесімді беріп, медицина саласының қыр-сыры туралы білетін бар мағлұматпен бөлістім. Дәулет Мырзағалиев шаруаның ебін білетін кәсіпкер болып шықты. Ол өзінің әріптестерімен бірге аз ғана уақыттың ішінде үш қабатты ғимаратты салып, клиниканы пай­да­лануға берді».

в

Айта кету керек, кәсіпкер ме­дици­налық нысанды мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде емес, таза өз қаражатына салды. Ғи­марат құрылысы аяқталған соң, клиника іші заманауи медици­на­лық құр­ал-жабдықтармен жарақтан­дырылды. Сонан кейінгі мәселе мекемеге басшы тауып, ішін медици­на­лық қызметкерлермен толықтыру болды. Әлбетте, таңдау бірден Роза Разиевадай ұйымдастырушылық қабілеті зор, өз ісінің білгір маманына түскен еді.

­«Мирас» клиникасына­ ­ке­­­­лер­­де тә­­жіри­белі басшы­ құ­рыл­­тай­шыларға бірқатар талап қой­ды. Медициналық қыз­мет­кер­лер­ге ар­налған әлеумет­тік пакет толық сақ­талмаса, бұл клиникаға бірде-бір маманның келмейтіні айтылды. Осы және бұдан да басқа талап-тілекті құрылтайшылар құп көрген соң, Роза Сәбитоллақызы қызметке кіріскен. Бір қызығы, №1 емхананың ұжымы бастығына бауыр басып кеткен болу керек, тү­гелдей жаңа нысан – «Мирас» кли­никасында жұмыс істеуге тілек білдірді. Бір сөзбен айтқанда, емхана клиникаға тұтастай көшіп келген еді.

Роза Разиеваның бөлімшесі бір жылға жуық уақыт мекемені жалға алып жұмыс істеді. Ал келесі жылы клиника өз алдына жеке шықты. Тіпті ғимарат іші тарлық еткеннен кейін, құрылтайшылар тез арада ғимаратты биіктетіп, тағы бір қабатты салып тастады. Соның нәтижесінде қосымша құрал-жаб­дық­тар қойылып, 26 орындық күн­дізгі стационар, бірқатар кабинеттер ашуға мүмкіндік туды.

Бұл күнде «Мирас» клиникасы қолжетімді қадамдық емхана қағидатына толықтай сай келетін және сол талапқа жауап беретін меди­циналық мекемеге айналды. Клиника жұмысын бастаған жылы орын тепкен аумақтағы 12 учаске бойынша 22 мың адамға қызмет көрсетсе, қазіргі уақытта тіркел­ген­дер­дің саны едәуір көбейген.

Қазіргі таңда «Мирас» клиникасында 190-ға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 40 дәрігер, 96 медбике бар. Медициналық мекеменің қарамағында үш жедел жәрдем көлігі, фельдшерлік бригада тұрғындарға уақытпен санаспай қызмет көрсетеді.

Осы орайда, тұрғындарға ме­дици­налық сапалы қызмет көрсе­тіп, олардан тек алғыс алып жүрген мамандарды атай кету артық болмас еді. Клиника директорының орынбасары Айжан Рысбекова, арнаулы ме­дициналық көмек бөлім­шесінің мең­герушісі Баян Әубәкірова, бө­лім­ше меңгерушісі – жалпы тәжі­ри­бе дәрігері Индира Жа­нәді­лова, бас медбибі Роза Арыс­та­нова, хирург Сәуле Ерға­лиева, уча­с­келік дәрігерлер Бақытгүл Досма­ғамбетова, Феруза Абдулла, Алмагүл Молдабаева, Алтынай Мелді­бекова, Ярослав Искра, гинеколог Нұргүл Жазыбекова, аға бухгалтер Перизат Сағындықова, аға бағ­дарламашы Айдынгүл Бақты­бае­ва және аға медбике Эльмира Әділова сынды өз ісінің кәсіби ма­ман­дары бұл күнде «Мирас» кли­ни­касының мерейін асырып жүр.

Әлеуметтік пакет демекші, құ­рылтайшылар берген уәдеде тұрып, айтылған тілек-талаптың бәрін де орындады. Тіпті кейбір жағ­­дайларда қызметкерлерге қо­сымша көмек түрлерін де қарас­тыр­ды. Мысалы, өзінің міндетіне жауапкершілікпен қарап, жұмысын жақсы істеген қызметкерлерге қо­сымша ақы төлене бастады. Жас мамандарға да түрлі қамқорлық көрсетіліп тұрады.

– Біздің клиникада қажетті ме­ди­циналық қызметкерлердің бәрі бар. Жас мамандар да келіп жатады. Дегенмен олардың арасында резидентураға кетіп қалатындары да болады. Сол кездерде кадр тап­шылығы сезіліп қалады, – дейді Роза Сәбитоллақызы.

«Мирас» клиникасының құрыл­тай­шылары істің қиюын тапса, медицина саласы мен бизнестің қатар өмір сүріп, бірге дамитынын дәлелдеп берді. Айналдырған екі-үш жылдың ішінде салынған инвестиция жемісін беріп, пайдасын көрсете бастады. Мысалы, табыстың белесіне шыққан кәсіп­кер­лер Қарағандының іргесін­дегі Узенка елді мекенінде сол ма­ңайдағы 16 мыңдай тұрғынға қызмет көрсететін емхана салып, ішін жоғары стандарттарға жауап беретін медициналық құрал, аппараттармен жабдықтап, мамыр айында пайдалануға бермекші.

Қазіргі кезде сарапшылар «Ми­рас» сынды затының заманауи си­паты сүйсінтетін клиникалардың көп болғаны біздегі медицинаның мерейін өсіріп, абырой-беделін көтере түседі деген пікір айтады. Ол рас, өйткені сапалы және жо­ға­ры дәрежедегі медициналық қыз­метке деген адам баласының сұ­ранысы – күн тәртібінен өмірі түспейтін толғақты тақырыптың бірі.