Қазақстан • 25 Сәуір, 2022

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бес облысының ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде шығыста, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

«Қарағанды облысының батысы мен шығысына түнде тұман түседі. Жезқазған қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с», деп жазды ведомство.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00