Қазақстан • 25 Сәуір, 2022

ҰҚК әлеуметтік желідегі бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан қарулы адамдардың атысы туралы бейнекадрлар биылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

ҰҚК әлеуметтік желідегі бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады

Ведомствоның жазуына қарағанда, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолданып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген.

«Қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің терроризмге қарсы күрес орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», деп жазылған хабарламада.