Теннис • 25 Сәуір, 2022

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

1 мин
оқу үшін

Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы топтық сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстандық құрама D тобында Индонезия, Шри-Ланка және Пәкістан командаларымен ойнайды. Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы кездесуін Индонезиямен өткізеді. Іріктеу матчтары 25-30 сәуір аралығында өтеді. Аталған командалық жарыста ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Құрама капитаны - Сергей Квак.

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

Аймақтар • Бүгін, 09:37