Үкімет • 26 Сәуір, 2022

Қазақстанда смартфондарға арналған жұқа шынылар шығаратын зауыт салынады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда смартфондарға арналған жұқа шынылар шығаратын зауыт салынады

«Кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе отырып, «Орда-Glass» ЖШС шыны зауыты базасында автомобиль шынылары, шыны талшықтары, шыныдан жасалған ыдыстар, ыдыс-аяқ, терезе шынылары мен смартфондарға арналған жұқа шынылар өндіретін шағын зауыттар сала отырып, шыныдан дайындалатын бұйымдар өндірісін пысықтай бастадық», деді ол.

Министрдің айтуынша, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жаңа жобаларға да қатысты осындай тәсілдер қолданылады. Ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну есебінен бұрын импортталған тауарлар оқшауланады.

«Бағдарлама (Импортты алмастырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы) жобасын әзірлеу жұмыстары нақты кесте бойынша жүргізілуде. Алгоритмге сәйкес наурыз айында әлемдік тәжірибені талдап, барлық өңдеу өнеркәсібі бойынша кешенді сараптама жүргіздік. Сәуірде жобалар пулын жасап, іс-қимыл алгоритмін әзірледік. Мамыр айында құжатты мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу рәсімін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Маусымда жоба бекітіледі. Өңірлік бағдарламалар жергілікті атқарушы органдармен қыркүйек айына дейін қабылданады», деді Қайырбек Өскенбаев.



 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025