Қоғам • 26 Сәуір, 2022

Биыл 33 инвестициялық жоба іске қосылады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл азық-түлік тауарларын шығаратын 33 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 33 инвестициялық жоба іске қосылады

«Жалпы 2022 жылға 33 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде: 7 ет комбинаты, 10 сүт өңдеу зауыты, 10 құс фабрикасын салу және кеңейту бойынша жоба және 165 мың гектар алаңда 6 бақша салу. Бұл жобалар республиканың 13 өңірінде жалпы сомасы 38 млрд теңгеге іске асырылады. Нәтижесінде 1,7 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған», деді министр.

Оның дерегінше, ірі нысандардың қатарында Алматы және Қарағанды облыстарындағы жалпы сомасы 7 млрд теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіруге бағытталған 2 жоба бар. Жобалар іске асқанда 110 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Импортты алмастыру жөніндегі іс-шаралар аясында мынадай жүйелі шаралар қабылданатын болады: 23,6 млрд теңге сомасына жобаларды қаржыландыру; инфрақұрылымды дамыту; 6 млрд теңге көлемінде инвестициялық салымдарды субсидиялау; өнім сапасын бақылауды күшейту», деді Ербол Қарашөкеев.

Аяна Тоғанбек