Қазақстан • 26 Сәуір, 2022

«Сергек» жүйесінде жаңа функция іске қосылды

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қорғау Сергек» бағдарламасының көмегімен жалған нөмірлі көліктер анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сергек» жүйесінде жаңа функция іске қосылды

«Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.  Айтпақшы, өткен тәулікте ғана қала жолдарындағы «Қорғау Сергек» кешені жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Өткен тәулікте олар жалпы сомасы 12 миллион 680 теңгені құрайтын 790 құқық бұзушылық жасаған.  Бұл көліктер ұсталып, арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды», деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.  

Айыппұл салынғандар арасында – 1992 жылы туған А.есімді азамат бар. Жақында ол 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.  Айыппұл сомасы 1 миллион 541 мың теңгені құрады. 

«Айта кетейік, «Қорғау Сергек» жүйесі 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді.  Жалпы, жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3,4 бөлігі) 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер айыппұл тұрағына орнатылды.  Сонымен қатар, өткен тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланған екі көлік жүргізушілері ұсталды.  Сондай-ақ, 7 мас жүргізуші көлікті басқарудан шеттетілді», деді, полковник Саттаров.