Аймақтар • 26 Сәуір, 2022

Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті тұрғын Каспий теңізінің жағалауында өліп жатқан итбалықтарды суретін жариялады. Оның айтуынша, Қаражаңбас кен орнына қарама-қарсы жағалауда 50-ге жуық өлексе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр

Қаражаңбас кен орыны Ақтаудан 230 шақырым қашықтықта Бұзаушы түбегінде орналасқан. Суреттердің авторы нақтылап өткендей, сүтқоректілер теңіз жағалауына жақын кеніштің сол жағында қырылып жатқан. Тұрғынның пайымдауынша, олардың қырылуына Каспийдің таяздығы себеп болған секілді.

Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы хабарлағандай, Бұзаушы жартылай түбегіне ведомство қызметкерлері жіберілді.