Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысы қызметіне Шахмардан Байманов тағайындалды.
Шахмардан Асқарұлы жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған. Республикалық деңгейдегі жастар ұйымдарының жетекшісі ретінде қызмет істеді.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды.