Баспасөз қызметінің мәліметінше, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Қарағанды облысының Саран қаласында жалға алынған қоймада суррогат алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех ұйымдастырылғаны анықталды.
Аталған цех өнімдері Қарағанды облысының базарлары мен дүкендеріне өткізіліп келген. Тінту кезінде жалпы көлемі 10 мың литрге жуық 4 мың дана суррогат спиртінің пластикалық бөтелкелері, 500 литр көлеміндегі 100 дана пластикалық ыдыстар, жалпы көлемі шамамен 12 мың литр 20 мыңнан астам дана әр түрлі шарап және арақ өнімдері тәркіленді.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, өндірілген және өткізілген өнімнің барлық көлемін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.