Экономика • 27 Сәуір, 2022

Халыққа берілетін несие көлемі 32,5%-ға ұлғайды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде халық жеке игілігі үшін алған кредиттің көлемі 32,5 пайызға артып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халыққа берілетін несие көлемі 32,5%-ға ұлғайды

«Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің өсуі 3-4% құрады. Қаңтар оқиғасынан кейін яғни ақпаннан бастап экономиканың көптеген саласында оң үрдіс байқалды. Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі экономиканың орнықты өсуі үшін қажетті алғышарт жасайды деп күтеміз. Экономикалық белсенділік кредиттеудің көлеміне қарай беки түсті. Мәселен, бірінші тоқсанда экономикаға берілген жаңа кредиттердің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға жоғары. Оның ішінде бизнеске берілген кредиттердің көлемі 19,6%-ға, халыққа берілген кредиттердің көлемі 32,5%-ға ұлғайды», деді Ғалымжан Пірматов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Банк басшысының айтуынша, базалық ставканы көтеру кредит беру талабына еш әсер етпейді.

«Бұдан былай банк секторы әлеуетті бірігулер мен қосылуларға, сондай-ақ халықтың тұтынушылық әрекеттен жинақтау әрекетіне ауысуына байланысты қалыптасқан жағдайлар мен өзгерістерге бейімделуін жалғастырады. Экономиканың оң серпіні жағдайында фискалдық саясат арқылы сұранысты қосымша ынталандыру жоспарланып отыр, ол жуық арада проинфляциялық қысымды күшейтеді. Республикалық бюджет шығыстары өткен үш жылда орташа өсу қарқыны 16,7% болған кезде 2022 жылы 23,6%-ға өсіп отыр», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025