Туризм • 27 Сәуір, 2022

Жазда Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаз мезгілінде Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайтын болды. Бұл туралы ҚР «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жазда Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, №221/222 Алматы-2 - Достық (коммерциялық) пойызы Алматы-2-ден 2022 жылғы 15 маусым-31 тамыз аралығында сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылдың 16-шы маусымынан бейсенбі, сенбі және сейсенбіде аптасына 3 рет қатынайды.

Нұр-Сұлтан-1-Достық қатынасындағы №258/257 пойызы аптасына Нұр-Сұлтан-1-ден 2022 жылғы 16 маусым-28 тамыз аралығында бейсенбі және жексенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылғы 17 маусым-29 тамыз аралығында жұма және дүйсенбі күндері 2 рет қатынайды.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе ҚТЖ билеттері мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді ұсынады. Жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда Күту парағы функционалын пайдалануды ұсынамыз», делінген хабарламада.