Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер – Қазақстан, Белоруссия, Ресейдің аумақтық көлемі әлемнің 15 пайызын қамтып, жер шарындағы халықтың 3 пайызын, әлемдік ауызсу мен пайдалы ресурстардың 20 пайызын, мұнай қорының 7-8 пайызын, астық өндірудің 5,9, темірдің 5,1, электр қуатын өндірудің 5,5 пайызын құрайды екен. Аталмыш экономикалық одақ әлемдік ішкі өнімнің 4,5 пайызына ие.
Әрине, бұл көрсеткіштер Азия-Тынық мұхит экономикалық әріптестігімен салыстырғанда көп емес. Алайда, адамзаттың дамуы тек білім мен ғылымы дамып, бейбіт ахуалы тұрақтанған ортада ғана толассыз жеміс беретінін ескерген жөн.
Қазіргі таңда Кеден одағына мүше елдер аймағында 1600-ден аса жоғары оқу орындары қалыптасып отыр. Олар Қазақстанда – 139, Белоруссияда – 55, Ресейде 1400 оқу ордасы. Бұл мысал алдағы кезеңде өзара білім-ғылым интеграциясы даму сатысына аяқ басқан тұста қатысушы елдердің экономикалық биіктерді бағындыруына зор үлес қосатын сауатты мамандар легі келе жатқанын көрсетсе керек.
Білім-ғылым интеграциясы жағдайында өзгелермен тереземіз тең болу үшін біз ғылыми ізденістер мен зерттеулерге қаржыны жеткілікті дәрежеде бөлуіміз қажет. Бұл ретте Қазақстанның аяқ алысы айтарлықтай. Мәселен, ғылыми тәжірибелер мен ізденістерге орта есеппен ішкі жалпы өнімнің ортақ қазанынан 20 АҚШ долларын жұмсап отырсақ, Ресейде бұл көрсеткіш 100 АҚШ доллары, ал Америкада 999 АҚШ доллары.
Еуроазиялық экономикалық одақ базасын тиімді пайдалана отырып біз жоғары білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Барлық қажетті мамандықтарға тартылатын жас мамандардың ортақ жүйесін және зияткерлік талабын көтерудің де ортақ жүйесін қалыптастыруға қол жеткізген жөн. Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Білім және ғылым министріне бірқатар жаңа тапсырмалар мен жоғары оқу орындарының сапасына қатысты нақты ұстанымдарды айқындау туралы тапсырма жүктеді. Яғни келешекте білім мен ғылым саласына баса назар аудара отырып, біз отандық білім беру жүйесін нығайтумен қатар, жас мамандарды даярлау, олардың халықаралық дәрежедегі білім деңгейін өсіру, экономикалық интеграция жағдайындағы сұранысының артуын да реттестіруге қол жеткіземіз.
Серік СВЯТОВ,
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің ректоры.
АЛМАТЫ.

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38