Экономика • 27 Сәуір, 2022

Доллар бағасы арзандады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Доллар бағасы арзандады

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,91 теңгеге төмендеп, 449,55 теңге болды.

Айта кетейік, долларының 27 сәуірдегі ресми бағамы - 453,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы 447,98 теңге, ал сатылымы - 452,44 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 450,08 теңгеден сатып алады, 452,86 теңгеден сатады.