Қоғам • 27 Сәуір, 2022

СІМ ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның телеграм каналына сілтеме жасап.

СІМ ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады. Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді. Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түседі. Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін ресейлік тележүргізуші, белгілі режиссер Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді.

Онда ол «Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар» деген мағынада қатқыл үн қатқан.