Полицияның мәліметіне сәйкес, жоғарыда аталған аумақты аралап жүрген күзетші кеңсе ғимаратының жанынан оқ-дәрі тапқан. Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері келіп, іргелес аймақты қоршауға алды. Кейіннен саперлер хабарлағандай, граната тұтандырғышсыз және адамдарға қауіп төндірмейтіні белгілі болды.
«Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтайды. Айта кетейік, жарық шуылды оқ-дәрілер - бұл адамға жарық шуылды және жарықшақты әсер ететін, өлімге әкелмейтін арнайы құралдар болып табылады», деп хабарлады полициядан.