А.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 1-ракеткалары, Токио Олимпиадасының және 2021 жылғы Уимблдон турнирінің чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
А.Голубев пен Ф.Мартен жалпы жүлде қоры 600 мың еуроға жуықтайтын доданың жартылай финалына шығу үшін сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен таласады.