Басқосуда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы баяндама жасады. Елбасының қамқорлығымен ашылған «Нұр Мүбәрак» университеті әлемдік бәсекеге қабілетті беделді оқу ордасына айналуы тиіс екенін айтты. ҚМДБ төрағасы Мысыр сапары аясында қол жеткізген жетістіктер туралы баяндады. «Біздің осы сапарымызда Қазақстаннан келетін шәкірттерді Әл-Азһарда жетілдіру курсынан өткізсек деген өтінішіміз мақұлданды. Бұдан былай, осы келісім негізінде «Нұр Мүбәракта» оқитын 10 студентіміз Мысырда бір жылдық білім жетілдіру курсында ілімдерін толықтыратын болды», деді Бас мүфти.
Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Мүбәрак» тек имамдарды дайындап қана қоймай, жас ғалымдарды да ғылымға бейімдеуі тиіс екенін қаперге салды. Шәкірт тәрбиелейтін ұстаздардың, кітап жазатын ғалымдардың, білікті аудармашылар тобын қалыптастыру қажеттігін сөз етті. Студенттерді діни ғұламалардың еңбектерін зерттеуге үндеді.
«Сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, дінімізбен біте қайнасқан дәстүрді де танып-білу, арнайы пән ретінде оқытып, оны халыққа жеткізу – басты жұмыстарымыздың бірі. Ендеше, дәстүрмен сусындаған ұрпақ елжанды болып өседі. Шәкірттерге тек білім беріп қана қоймай, оларды парасатты, жақсы азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі заманның талабы. Бүгінгі конференция жұмысы шәкірттер мен ғалымдарды осынау ізгілік пен имандылыққа, ғылым жолын таңдауға үндейді деген сенімдемін. Дәстүрлі басқосу нәтижелі болғай! Конференция жұмысына сәттілік тілеймін», деп сөзін түйіндеді Ержан қажы Малғажыұлы.
Халықаралық жиынға БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек, Мәскеу Ислам университетінің ректоры Дамир Хайретдинов, профессор, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлі, Мысыр мәдениет орталығының директоры Ашраф Дәруиш, Қазақстан Дін істері агенттігінің өкілі Айнұр Әбдірасылқызы, т.б. ғалымдар мен оқытушылар қатысты. Конференцияны «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры, академик Махмұд Фаһми Хижази жүргізді.
«Егемен-ақпарат».

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38