Теннис • 28 Сәуір, 2022

Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстан теннисшісі Айсам-уль-Хак Курешимен (Пәкістан) бірге бастапқы кездесуін босниялық Томислав Бркич – сербиялық Никола Качичпен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-пәкістандық жұп басымдық танытты – 6:2. Екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Недовесов пен Куреши жеңісті жұлып алды – 10:4. Бір сағат 20 минутқа созылған матчта қарсыластар 4 эйстен жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Недовесов – Куреши жұбы жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винуспен сайысқа түседі.