Қоғам • 28 Сәуір, 2022

ИИДМ әуежайларда тексерілмейтін тұлғалардың тізіміне қатысты түсініктеме берді

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқаралық ақпарат құралдарында көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексерілмейтін тұлғалардың тізімінің бар болуына қатысты жарияланған ақпаратқа байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ИИДМ әуежайларда тексерілмейтін тұлғалардың тізіміне қатысты түсініктеме берді

Бұл тізім ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген. Алайда заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты 2021 жылдың соңында мұндай тізбені бекіту құқығы көлік саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.

Осы шешімге сәйкес 2022 жылғы 18 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі № 213 бұйрыққа қол қойып, бұрын қолданыста болған тізімдер қайта бекітілді:

- тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізімі;

- тексеру жүргізілмейтін тұлғалардың тізімі;

- көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізімі.

Айта кетерлігі, аталған бұйрық тек вокзалдар, метро станциялары мен теңіз портына, әуежайларға, жолаушылар терминалдары жоқ әуе айлақтарына кіру кезінде тексеруге қатысты жүзеге асырылады. Алайда бұл құжат Қазақстан Республикасының кеден және шекара қызметі органдарының тексеру жүргізу талаптарына қатысты қолданылмайды.

Ескерілетін жайт, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР Заңының 24-1-бабының талаптарына сәйкес терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамада белгіленген қауіп-қатер деңгейіне байланысты жолаушылар және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріледі. 

Аяна Тоғанбек