Отырыста ақшалай қаражаттың жылыстауы, шетелге шығарылған капиталдың көлемін анықтау, оларды қайтару бойынша ынталандыру шараларын әзірлеу, салықтық әкімшілендіру шараларын күшейту, заңнамаға шектеу шаралары мен санкцияларды енгізу және қылмыстық қудалау аясында шығарылған капиталды қайтару жөніндегі заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс топтарының ұсыныстары талқыланды.
Еске сала кетсек, Комиссия аясында бес Жұмыс тобы жасақталды. Топтардың құрамына ҚР Ұлттық банкі, Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі және ҚР Бас прокуратурасы кіреді.