Сәруәр сәуірде жыр маржаны төгілді. Облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында ұлт руханиятына қатысты талай игі бастамаларға мұрындық болып жүрген Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Ақтоғай ауданының құрметті азаматы», белгілі ақын Абзал Бөкеннің «Тұла бойым көне сөз, көне мүсін» атты шығармашылық кеші өтті.
Отыз жылға жуық рухани астанамыз – Алматыда тұрып, ал асқаралы алпысында Арқаға қоныстанған Абзал ақынды оқырмандары зор құрметпен қарсы алды.
Поэзия кешінде ақын А.Бөкенге жан-жақтан құттықтаулар құйылды. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай бастап бір топ қаламгерлер келді жыр кешіне. Облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің құттықтау хаты оқылды. Облыстық мәслихат хатшысы, өнердің үлкен жанашыры Нұрлан Дулатбеков пен Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы Абзал ақынға ақжарма тілегін арнап, шығармашылық табыс тіледі. «Болашақ» колледжінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ғайни Мамраева шығармашылық иесінің иығына ата-баба жолымен оқалы шапан жапты. Ақынның туып-өскен шалқар бесігі – Ақтоғай ауданынан Қ.Нөкеш, М.Оңғарқұлов бастаған ел ағалары келіп, шайыр шығармашылығы хақында ордалы ой қозғады, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақынның жерлес інісі Амантай Жұмашев әннен шашу шашты.
Жас ұрпақтың санасына нұрлы шуақ сыйлаған жыр кеші Сарыарқаны әсем сазға бөледі. Жалынды жырларымен оқырмандарының жүрегіне елдік пен ерліктің дәнін еккен, қазақ поэзиясында айшықты қолтаңбасы бар ақын кеші «Тоқырауын толқындары» ансамблінің орындауында кеш иесінің сөзіне жазылған марқұм Д.Сәдуақасовтың «Ақтоғай – алтын бесігім» әнімен түйінделді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Қарағанды.

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38