Аймақтар • 28 Сәуір, 2022

Ақтөбеде заңсыз киік атқан екі браконьер ұсталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде заңсыз киік атқан екі браконьер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде заңсыз киік атқан екі браконьер ұсталды

22 сәуір күні Байғанин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Охотзоопром АФ инспекторларымен бірігіп, рейдтік іс-шаралар кезінде Байғанин ауданы аумағында браконьерлерді ұстады.

Аймақты шарлау кезінде Урал мотоциклімен екі ер адамды байқады. Полиция қызметкерлерін көрген олар бірден оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Көп ұзамай екі ер адам ұсталды.

Ұсталғандардың киіктің екі төлін атқаны анықталды. Күдіктілерден киіктің екі ұшасы, 12 калибрлі мылтық және 10 патрон тәркіленді. Күдіктілерге қатысты сотпен «күзетпен ұстау» бұлтарпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15