Аймақтар • 28 Сәуір, 2022

Ақтау әуежайы рейстерді кейінге шегереді

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау әуежайы рейстерді кейінге шегереді

«3 мамырдан 5 шілдеге дейінгі кезеңде дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына жабу жоспарланып отыр. Бұл күндердегі рейстер таңғы және кешкі сағаттарға ауыстырылады», делінген хабарламада.

Аяна Тоғанбек