Әлем • 28 Сәуір, 2022

Өзбекстанда орташа жалақы қанша екені айтылды

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бергі статистика бойынша өзбекстандықтардың орташа номиналды жалақысы 3,4 миллион сумды (136 689 теңге) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда орташа жалақы қанша екені айтылды

Статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанда орташа айлық атаулы жалақы 3 млн 426,8 мың сум (өткен жылдың қаңтар-наурызында – 2 млн 876,4 мың сум) болған.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1 пайызға жоғары.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ең жоғары орташа айлық жалақы банк, сақтандыру, лизинг және несие делдалдық қызметінде байқалған – 8,4 миллион сум (335 139 теңге).

Ақпарат және байланыс саласында орташа айлық жалақы 6,5 миллион сум, тасымалдау және сақтау саласында - 4,5 миллион сум, өнеркәсіп саласында - 4,4 миллион сум, құрылыс бойынша - 4,1 миллион сум, сауда-саттық - 3,5 миллион сум, білім саласында – 2,5 миллион сумды құраған.

Ең төменгі орташа жалақы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында тіркелді – 2,3 миллион сум (91 764 теңге).

Аймақтар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы көрсеткішінде Ташкент қаласы көш бастап тұрған болса (5,2 миллион сум), ең төменгі орташа жалақы Ферғана облысына тура келеді (2,5 миллион сум).

Аяна Тоғанбек