Қоғам • 28 Сәуір, 2022

Астана жастары орталығы Telegram-боттарды іске қосты

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құжаттарды цифрландыруға, ақпаратты электронды түрде алуға, сондай-ақ кері байланыс арналарын арттыруға байланысты «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Telegram-боттарды іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана жастары орталығы Telegram-боттарды іске қосты

Telegram-боттар қазақ және орыс тілінде қол жетімді.

«Telegram-ботта жастар арасындағы өзекті әлеуметтік мәселелер, Жастар бастамаларын қолдау, осы бастамаларды іске асыруға бағытталған гранттар, жастарды игі іске тарту, жастар үшін түрлі бағыттағы жобалар бойынша жаңартылған ақпаратпен танысуға болады», деп түсіндірді «Астана жастары» ЖРО басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Айта кетейік, «Астана жастары» ЖРО жастар саясатын жүзеге асырудың келесі бағыттары бойынша 14-29 жас аралығындағы жастармен жұмыс істейді:

- NEET санатындағы жастармен жұмыс, атап айтқанда, тұрақты жұмысы жоқ, қандай да бір оқу орнында оқымайтын, азаматтық саяси белсенділігі төмен жастардың санын азайту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
- Волонтерлік қозғалысты дамыту, оның ішінде жастардың жеке дамуына үлес қосатын, елдің дамуына ықпал ететін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шараларға белсенді қатысатын волонтерлерді қалалық штабқа тарту;
- Аула клубтарын дамыту, елордада 14-29 жас аралығындағы жастардың уақытын тиімді пайдалану, спортта, өнерде, қолөнерде шығармашылық жетістіктерге жетелейтін үйірмелердің жұмысын жақсарту;
- Заңгерлік және кадрлық жұмыстарға көмек көрсету, осы мәселеде қиындықтарға тап болған жастарға тегін кеңес беру және қолдау көрсету;
- Жастар бастамаларын қолдау шеңберіндегі жоба негізінде жастардың креативті, пайдалы ойлауын қолдау.

 Аяна Тоғанбек