Қазақстан • 29 Сәуір, 2022

Сайлау үдерісінің өзекті мәселелері сөз болды

315 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. 26 сәуірде ОСК басшысы Абай ауданының Қарағанды ауылдық округіне барып, Жартас ауыл­ы­ның тұрғындарымен және 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған әкім Владислав Киреймен кездесті. Айта кету керек, бұл – тікелей дауыс беру арқылы сайланған елдегі ең жас ауыл әкімі.

Сайлау үдерісінің өзекті мәселелері сөз болды

Әкім сайлауға қатысу тәжі­рибесімен бөлісіп, ауылдық жерлерде үгіт-насихаттың ең тиімді түрлерінің бірі халықпен жеке кездесулер болатынын атап өтті. Өз кезегінде ОСК төрағасы кандидаттар ешқандай шектеусіз дебат ұйымдастырып, өткізуге және бұл сайлаушыларға саналы таңдау жасауға ықпал ететінін атап өтті. Ауыл тұрғындары өткен ауыл әкімінің сайлауына және өздері сайлаған әкімнің жұмысына оң баға берді.

27 сәуірде Е.Бөкетов атын­дағы Қарағанды мемлекеттік уни­верситетінің «Студенттер мәде­ниет сарайы» ғимаратында Нұр­лан Әбдіровтің саяси пар­тия­лар, ҮЕҰ, қоғамдық кеңес, мәслихат, БАҚ өкілдері­мен, қоғам­дық пікір көшбас­шы­лары­мен, блогерлермен, сайлау комис­сия­ларының мүшелерімен үлкен кездесуі өтті. Іс-шараға 558 адам қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сайлау процесін одан әрі жетіл­діру мәселелері бойынша маз­мұнды пікірталас өтті. «Қазақ­стандық мүгедектер конфедерациясы» РҚБ облыстық филиа­лының басшысы Дархан Ті­лемісов мүгедектігі бар адам­дардың қоғамдық ұйым­дары сайлау туралы заңнамаға әйел­дермен, жастармен, мүгедектігі бар адамдармен қатар, сайлау партиялық тізімдеріндегі 30% квотаны қамтитын түзе­тулерді қолдайтынын атап өтті. Бұл ретте оның пікірінше, мәс­ли­хат депутаттарын сайлау кезінде де осындай квота қарастырылуы қажет.

Бұқар жырау аудандық мәсли­хатының хатшысы Әли Асхат мажоритарлық жүйені енгізу аясында шағын сайлау округтерін құру­ды, тиісінше округтегі сайлау­шылар санын азайтуды ұсынды. Оның пікірінше, елді мекен­дер арасындағы қашықтық оңтай­лы болса және округтегі сайлау­шылардың саны едәуір ықшам болса депутаттыққа кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік алар еді деген ойын ортаға салды.

Көптеген жыл бойы учас­келік сайлау комиссиясының хатшысы болып жұмыс істеген Наталья Клименко сайлау комис­сияларының мүшелері Консти­туциялық заңмен жүктелген маңызды функцияларды орындайтынын алға тарта отырып, олардың мәртебесін арттыру туралы ұсыныс жасады.

«Мұқалмас» ҚБ басшысы Майра Абдрахманова аумақтық және учаскелік сайлау комиссия­лары мүшелерінің құзыреті туралы мәселе көтерді. «Ақ жол» ҚДП филиалының төрағасы Ермек Әбілдин аумақтық сайлау комиссияларына сайлау про­цесіне қатысушыларды ақпа­рат­тандыру кезінде әлеуметтік желілерді белсенді пайдалануды ұсынды.

Қарағандының тұрғыны Саят Рахимов Ортсайлауком ұйым­дастырған кездесулер сайлау­шылардың сайлауға деген сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтіп, осындай тәжі­ри­бені облыстық деңгейдегі аумақ­­тық сайлау комиссиялары да өткізу керек деген пікірін біл­дірді.

Е.Бөкетов атындағы Қара­ғанды мемлекеттік универ­ситетінің «Жастар орталығы» коворкинг орталығында ОСК төрағасының өңір жастарымен кездесуі өтті. Жас сайлаушыларды аралас сайлау жүйесін енгізу мәселелері қызықтырды. ОСК басшысы мажоритарлық жүйе кандидаттар арасында үлкен бәсекелестікке әкеле­тінін атап өтті. Сондай-ақ ол осы қағидат бойынша сай­лан­ған депутаттар партиялық құры­лымдардың емес, бірінші кезекте өз электоратының мүдде­лерін білдіретінін, бұл олар­дың халық алдындағы жеке жауап­кершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Студент Үміт Серікованың пікір­інше, жастардың сайлауға деген қызы­ғушылығы төмен, жас­тар арасындағы осындай таптаурындарды жою қажет. Ал студент Марлен Қожахметов дауыс беруге қатыспағаны үшін құқықтық жауапкершілікті қарастыруды ұсынды. ҚарМУ студенті Жадыра Мінажат биыл 18 жасқа толғанын және енді оның дауыс беруге құқығы бар екенін айтып, кездесу барысында дауыс беру тәртібі, азаматтардың сайлау құқықтары туралы пайдалы ақпарат алғанын білдірді.

Басқа өңірлердегідей, элек­тронды дауыс беруді енгізу мүмкіндігі, артықшылықтары мен қауіп-қатерлерін ескере отырып, оны Қазақстанда қолдану тәжірибесі талқыланды.

Кездесу барысында сайлау процесінің өзекті тақырыптары бойынша дәстүрлі онлайн-са­уалдама жүргізілді. Ал кездесу қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров белсенді қатысушыларға «Қазақстандағы сайланбалылық тарихы» кітабын тапсырды.