Қазақстан • 29 Сәуір, 2022

ҚХА сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 28 сәуірде болған сайлаудың  қорытындылары туралы ХАБАР

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 28 сәуірдегі № 29/477 қаулысына қосымша

ҚХА сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 28 сәуірде болған сайлаудың  қорытындылары туралы ХАБАР

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына
2022 жылғы 28 сәуірде болған сайлаудың  қорытындылары туралы
ХАБАР

2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

2 кандидат дауысқа түсті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлаушылар тізімдеріне 527 сайлаушы енгізілді, 425 адам немесе 80,65 пайызы дауыс беруге қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

- Закиржан Пирмухамедович Кузиевке 259 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 60,94 пайызы берілді;

- Виталий Ионо Тварионасқа 128 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 30,12 пайызы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны 25 немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,88 пайызы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып 1969 жылы туған, «Универсал» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, Алматы қаласында тұратын, ұйғыр Закиржан Пирмухамедович Кузиев сайланды.

 

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы