Спорт • 29 Сәуір, 2022

Азияда абыройымызды асырған арулар

1771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білек күшін танытатын қол күресіне қызығушылар қатарында бұрымдылар да бар. Сондай спортшылар қатарындағы атыраулық ардагерлер Азия чемпионатына қатысып, Қазақ елінің Туын желбіретті.

Азияда абыройымызды асырған арулар

Бұл жолы армрестлингтен жастар, ересектер және ардагерлер арасындағы Азия чемпионаты 24-30 сәуірде Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатыр. Оған 14 елден 500-ге жуық спортшы қатысып, кіл мықтыдан ең мықтыны анықтамақ. Құрлық додасына қатысқан атыраулық ардагер спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

Кеше әйелдер арасында қол күрестірген Алмагүл Қанатова 80 кило, Рахия Молдашева 80 килодан жоғары салмақта Азия чемпионы атанды. Ал Константин Тарабрин 70 килода күміс медальді иеленді.