Үкімет • 29 Сәуір, 2022

Қазақстанда машина жасау саласында 20-дан астам жоба іске асырылады

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда машина жасау саласында 20-дан астам жоба іске асырылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Қазэнергокабель» АҚ бас директоры Владимир Бобров және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев баяндама жасады.

Машина жасау саласында 3 мыңға жуық кәсіпорын бар, 115 мың адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде (16,8 трлн теңге) машина жасауға 14%-ы тиесілі. Саланың ең ірі секторларының бірі — автомобиль жасау – 33,1%.

Алдағы жылдары елімізде құрастырылатын автомобильдердің модельдік қатарын кеңейту, сондай-ақ автокомпоненттер (бамперлер, орындықтар, автомобиль шынысы, пластиктен жасалған бөлшектер, шиналар, т. б) өндірісін ретке келтіру жоспарланып отыр. Кеңес барысында саланың өзекті мәселелері де қаралды.

Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстанда т/ж және электротехникалық машина жасау салаларында аккредиттелген зертханалар жоқ, сонымен қатар кабельдік-өткізгіш өнімдер бойынша ұлттық стандартты әзірлеу қажет.

Бұған қоса, ауыл шаруашылығы техникасын шығару саласында өндірістің толық тізбегін құру үшін кәсіпорындар арасындағы кооперацияны реттеген жөн, ал жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процесі бойынша ел ішіндегі құндылығын арттыру үшін шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар саланың импортты алмастыру есебінен айтарлықтай өсуге әлеуеті бар екені атап өтілді, сол себепті тиісті бағдарлама шеңберінде 20-дан астам жобаны іске асыру көзделген.

Машина жасауды дамытудың қосымша шаралары ретінде базалық өндірістер құру (болат импортын азайту) және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыруды кеңейту жоспарланып отыр. ҚР Премьер-Министрі қысқа мерзімде әрбір мәселе бойынша қажетті шараларды дайындау үшін барлық айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

«Машина жасау саласы – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторы. Импортты алмастыру, әсіресе, аймақтық нарықтарға экспортты кеңейтуде орасан зор әлеует бар. Осы орайда біз аталған саланың серпінді дамуына жағдай жасап, қажетті қолдау шараларын іске асыруға тиіспіз», деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025