Президент • 29 Сәуір, 2022

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

«Бір айдан кейін жаңа диалог алаңының алғашқы отырысы – «Ұлттық құрылтай» өтеді. Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға арналған. Ол жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады. Құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірлердің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндіріс саласының өкілдері кіреді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА отырысында.

Оның айтуынша, ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ.

«Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», деді ол.