Президент • 29 Сәуір, 2022

Екінші Республиканы бірге құрамыз - Президент

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екінші Республиканы бірге құрамыз - Президент

«Елімізді жан-жақты жаңғыртатын ауқымды реформа ұсындым. Біз болашаққа сеніммен қарап, қарқынды даму жолымен жүреміз. Мақсатымыз айқын, қадамымыз нық. Ең бастысы, Отанымызды өркендетіп, ел өмірін өзгертуге бәріміз жұмыла кірісеміз. Ортақ іске әрбір азамат, бүкіл ел атсалысса ғана нақты нәтижеге қол жеткіземіз. Біз диалог орнату мәдениетін қалыптастырып, қоғамда өзара түсіністік пен сенімді нығайтуымыз керек. Мұның бәрі еліміздің болашағы жарқын, халқымыздың әл-ауқаты жақсы болуы үшін қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент елімізде өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері жалпы азаматтық құндылықтарды қолдап тұрғаны маңызды екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз және оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз.

«Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз! Сөз соңында сіздерді алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтаймын», деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін ҚР Президенті төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы ашылғанын жаздық. Мемлекет басшысы Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді әрі ашық рәсімін әзірлеуі керек екенін айтты.