«Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады», деп хабарлады БҒМ басшысы.
Асхат Аймағамбетов 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізілетінін мәлімдеді.
Ал мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.