Ахмет Байтұрсынұлы • 29 Сәуір, 2022

Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлы пен Роза Бағланованың құрметіне естелік конверт жарыққа шықты

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай астанасында екі мерейтойға - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы мен Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған естелік конверттердің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлы пен Роза Бағланованың құрметіне естелік конверт жарыққа шықты

Конверттердің бірінде көрнекті ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екіншісінде аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова бейнеленген.

Өскелең ұрпақ өкілдеріне лекция ұйымдастырылып, онда реформатор-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы айтылды.

Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қонақтар мен жас көрермендерге Аққу биі ерекше ұнады.