Қазақстандықтардың көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек туралы PUSH-хабарламалар банктік қосымшаларға жіберілуде. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Egemen.kz

2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталған болатын. 2022 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді. Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң 3 063 теңгеден көп (1 еселенген АЕК) мөлшерде салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады. Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі, делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен бірге жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда. Осыған байланысты, жеке сот орындаушыларына алымды төлеу және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздықтарды төлеу есебінен борыштың ұлғаюын болдырмау үшін азаматтарға қолда бар салық берешегін өтеуді және кейіннен мемлекет алдындағы өздерінің салық міндеттемелерін уақытылы орындаған абзал. Салықтық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді (AppStore, PlayMarket) e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін e-Salyq Azamat→Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу қажет.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта салық органдарымен көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек елдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар