Білім • 30 Сәуір, 2022

Бірқатар жаңа бастама іске асырылады – Асхат Аймағамбетов

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жазды. 

 

Бірқатар жаңа бастама іске асырылады – Асхат Аймағамбетов

«Мәжілістің жалпы отырысында тағы бір маңызды норма қабылданды. Мәселе бір ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) ашу нормативін 60-тан 50 мың балаға дейін өзгерту туралы болып отыр. Яғни қазіргі күні 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық ПМПК ашылады», деді министр. 

Министрдің бұл сөзі Балалар жылы аясындағы білім беру саласына айрықша көңіл бөілініп, бала қабілетін дамытудағы тың бағыт екенін айқындай түседі.

«Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Балалар жылы аясында өзекті және ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жаңа бастама іске асырылады», деп жазды Асхат Аймағамбетов.