12 Сәуір, 2014

«Нұр-Медиаға» қарасты БАҚ басшыларымен кездесті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Алматыда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұр-Медиа» холдингіне қарасты бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесті. Оның барысында холдингтің қазіргі жағдайы мен активтеріне қатысты және «Нұр-Медиа» тобына кіретін БАҚ-тарды дамыту жөніндегі жоспары талқыға салынды. Үстіміздегі жылы холдингке кіретін 4 БАҚ өзінің мерейтойын өткізеді: «Түркістан» халықаралық апталығының және «NS» радиосының құрылғанына 20 жыл, ал «Айқын» және «Литер» газеттеріне 10 жыл толғалы отыр. Редакция басшыларын құттықтай отырып, Бауыржан Байбек: «Холдинг БАҚ-тары Елбасы – партия Көшбасшысының тапсырмаларын түсіндіруде, Саяси доктринаның ережелерін және біздің жұмысымыздың басымдықтарын тұрғындарға жеткізуде, сондай-ақ, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде ерекше рөл атқарады», – деп атап өтті. Бұдан кейін «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры Болат Берсебаев холдингтің қазіргі жағдайы мен активтері туралы жан-жақты мәлімет берді. Б.Байбек холдинг басшылығына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және бәсекелестікті арттыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесуде 2014 жылдың 10 сәуірінен бастап «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Айқын» газетінің қосымшасы ретінде «Ара» журналы шыға бастағаны атап өтілді. «Егемен-ақпарат».