«Өткен жылы энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын өндіруге шекті тарифті түзету кезінде өндірістік жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша шара қабылдады. Ол бойынша еңбекақыны 15% көбейту көзделген. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4% өсіру қаралған. Осыған байланысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖЭО өндірістік қызметкерлер жалақысының орташа өсімі - шамамен 10%. Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жылдық статистикаға сүйене отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша өңірлер бөлінісінде өндірістік және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу бөлігінде тариф қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр», деді министр.