Қоғам • 02 Мамыр, 2022

Ораза айында елімізде Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде сәуір айында дүниеге келген ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі ең көп қойылған. Бұл деректі ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Ораза айында елімізде Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді

Атап айтқанда, Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді. Екінші орында сұранысқа ие болған есім - Айсұлтан. Бұл ат 248 ұлға қойылды. Танымал үштікке 174 адамның таңдауымен Алихан есімі еніп тұр. Айта кетсек, наурыз айында бұл ең көп қойылған (284) ат болатын.

Сондай-ақ, сәуірде 141 қазақстандық баласына Нұрислам есімін беріпті. Бұл есім наурыз айында да 4-орында болған. Ол кезде 191 бала осы есіммен Қазақстан азаматы атанды.

Ал, қыздарға ең көп қойылған есім - Медина. Сәуірде 430 ата-ана осы атты таңдапты. Екінші орында - Раяна, бұл есім 383 рет қойылған. 343 қызға берілген Айша есімі кең таралған санаттағы үштікке еніп отыр.

Жалпы, өткен айдағы статистика нәрестелерге негізінен мұсылманша есімдердің жиі қойылғанын көрсетеді. Айталық, Али, Ислам, Мухаммад, Муслим, Дінмұхаммед, Амина, Ясина, Фатима сияқты басқа да аттар кең таралған.



Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025