Вице-министрдің мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда 12 256 өрт тіркелген, олардан 9 миллиард 336 миллион 665 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген. Өрттен 413 адам қаза тауып, 429 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.
«Өрт көп жағдайда халықтың отпен абайсыз жұмыс істеуі салдарынан болды - 3 424 жағдай немесе республика бойынша жалпы санның 28 пайызы, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу - 4 236 жағдай, 34,6 пайыз, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу - 1 702 жағдай, 14 пайыз», деді Күлдіков.